Біздің ауылымыз тың игеру кезінде құрылды. Ол кезде ауылдың тұрғындары көп емес, мектеп оқушылары да шағын болды.
1954 жылдың көктемінде осы жерде «Подгорный» совхозының іргетасы қаланды.
1 қыркүйекте тың игерушілердің балалары алғаш мектеп қабырғасына барды. Ол кездегі мектеп сыныптары кішкентай еді.
1956 жылы тың игерушілердің балаларына арнап жаңа мектеп салынды. Ол кезде де мектеп директорының қызметін Омаров Әлімжан ағай атқард. Сабақ екі ауысымда оқытылды. мектепте спортзал, акт залы болған жоқ. Мектепте көп ұлт өкілдері білім алды. Бұл кезеңдерде мектеп орыс тілі болды.
Жыл өткен сайын мектеп оқушыларының саны арта түсті. Сондықтан да ауылымызға жаңа үлкен білім ошағы қажет болды.
1972 жылы совхоз басшылығының қолдауымен ауылымызда екі қабатты үлкен жаңа мектеп салынды. Бұл мектеп оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған болатын. Жаңа мектептің кілті мектеп директоры, Р.А. Алтынбековке табыс етілді. Әр жыл сайынмектеп түлектері жоғарғы оқу орындарында білім алып, әр түрлі салаларда қызмет етуде.
1975 жылдан бастап Подгорный орта мектебінде бірнеше кісілер басшылық қызмет атқарды. Олар М.Ф. Калуга, В.В. Кудинов, Б.Ж.Құрманалиев, Р.Ө.Еселбаева, Л.Ю.державин, К.Э.Голик, Л.И.Каверина, Г.Б.Миралиева, Д.М Амрекулов, Л.С.Кентаева, Р.Ә.Омаров, Н.Б.Касенов
Мектеп ашылғаннан бастап оқу тек орыс тілінде жүргізілді. Тек 1989-1990 оқу жылында қазақ сыныбы ашылды. Алғаш болып қазақ сыныбын ашқын ұстазымыз-Жұмакүл Баймолдақызы Туркебаева. 2000жылы алғашқы қазақ сыныбынан 22 түлек өмірге жолдама алды. Содан бері мектебіміз екі тілде білім беретін аралас мектеп болып саналады.
Жылдар өтіп, 42 жылдан соң, Елбасының жолдауымен, басшылықтың қолдауымен қазіргі заманға сай ауылымызда тағы да жаңа мекткеп ғимаратының қоныс тойын тойлады. Мектеп кілті мектеп директоры Р.Ә.Омаровқа тапсырылды. Жаңа оқу орны қазіргі заманға сай, жаңа техникалық жабдықтарменжарақталған. Мектеп 3 қабатты, үлкен спорт зал мен әсем акт залымен қоса, оқушылардың тамақтанатын асханасы да талаптарға сай жасалған. Компьютерлік сыныпта мектеп оқушыларына және ұстаздарға жұмыс жасауға мүмкіндік жасалынған. компьютерлерге интернет желісі қосылған. Оқушыларымыз бен ұстаздарымыз аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, өздерінің білімдерінің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, жүлделі орындарды иеленуде.
1-4 сыныптарда — 70 оқушы;
5-9 сыныптарда-79 оқушы;
10-11 сыныптарда-30 оқушы.
Жалпы білім беретін мектеп аты (жарғы бойынша )
“№5 орта мектебі”КММ-сі
- Типі:аудандық
- Оқушылар саны:179
- Құрылтайшылар:Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімі
- Лицензия:№ KZ55LAA00022491,08.02.2021жыл
- Білім берудегі басқарудағы жоғары органдары немесе құрылтайшыларының аты-жөні: Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімінің басшысы М.А. Сванов
- Қай уақытта іске қосылған: 2015жыл
- Заңды мекен жайы:080919 Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы,Д.Қонаев ауылы,Бірлік көшесі №25
- Телефон:87263154911
- Факс:87263154911
- Электронды пошта:podgornoe_om@mail.ru
- Интернеттегі сайттың адресі: https://019mektep.edu.kz/
- Ғимараттың аумағы: 9522 м2
- Ғимарат типі:Типтік
- Жоба бойынша сыйымдылығы: 300 оқушы
- Оқыту,тәрбиелеутілі:Қазақ тілі, Орыс тілі
- Мектеп директоры:Касенов Нуркен Бахбергенович